Ғылыми жобаларға ₸3 млрд-тан аса қаржы бөлінген
Мемлекет басшысы ғылым тек дамып қана қоймай, нақты табыс әкелуі керектігін атап өтті. Осы бағытта Қарағандыда Әбілқас Сағынов атындағы техникалық университетінің ғылыми жобаларға бөлінген қаржысы 3 миллиард теңгеден асты. Оның үштен бірі тікелей ғылыми жобалардан түскен қаржы. Бүгінде білім ордасында 70-ке жуық жоба жүзеге асырылуда. Олар өнеркәсіпті цифрландыруға және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, ғалымдар шахталарға арналған талшықты-оптикалық қондырғылар, көп қабатты тұрғын үйлерге арқансыз пневматикалық лифт сынды қажетті техникалар әзірлеуде. Бұл технология болашақта тұрғын үй мен өнеркәсіпте қолданылуы мүмкін. Соңғы бір жылда университетте жаңа зертханалар мен жабдықтарға 500 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Мұнда тау жыныстары зерттеліп, ыстыққа төзімді материалдар жасалып, өнеркәсіптік нысандарға сараптама жүргізіледі.
Али Мехтиев, Ә.Сағынов атындағы техникалық университет ректорының орынбасары:
Ғылым табысты болуы тиіс, біз Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Биыл техникалық университеттің қаржыландыру көлемі үш миллиард теңгеден асты. Соның ішінде бір миллиард теңгесі – шаруашылық келісімшарттар аясындағы жұмыстар. Бұл – ғалымдардың өз ғылыми әзірлемелерін нарыққа ұсынып, табыс таба алу қабілетін көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы