Грекияда әлеуметтік желіге тыйым салмақшы
Грекияда жасөспірімдерге әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салынуы мүмкін. Егер парламент заң жобасын қолдаса, келесі жылдан бастап кәмелетке толмағандар мессенджерлерді пайдалана алмайды. Әзірге ұсыныс заң жобасы ғана, осы жазда парламент талқылауына шығады деген жоспар бар. Ақпан айында грекиялық ALCO сауалнама компаниясы зерттеу жүргізіп, халық шектеуді жаппай қолдайтынын көрсетті. Бұған дейін грекия үкіметі мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салып, балаларды экран алдында тым көп уақыт өткізуден қорғау үшін ата-ана бақылауы платформаларын құрған еді. Алғашқы болып жасөспірімдерге әлеуметтік желіге кіруге тыйым салған ел – Аустралия. Одан кейін Ұлыбритания және Франция осындай заң жобасын қарастырып жатқанын хабарлады.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
45 млрд теңгенің мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған топ әшкереленді
21.10.2026, 11:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан – ортақ үйіміз. Сондықтан еліміз таза, тартымды, мәдениетті болуы керек»
21.10.2026, 10:49
Алматыдан Павлодарға ұшып шыққан FlyArystan рейсі әуежайға оралды
21.10.2026, 10:11
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05