«Семей орманы» резерваты жаңа техникамен жабдықталған
Бүгін Абай облысына Премьер-Министр Олжас
Бектенов келді. Сапар аясында Үкімет басшысы «Семей орманы» мемлекеттік табиғи
резерватында Президент тапсырмаларын орындау бойынша ормандарды қорғау мен
сақтаудағы заманауи цифрлық технологиялардың енгізілуін тексерді. Арнайы
оқу-жаттығуына қатысты. Шара кезінде резерват аумағында табиғи өрттердің алдын
алу және ерте анықтау жүйесі таныстырылды. Жалпы аумағы 656 мың гектардан асатын
орман алқабында заманауи бақылау жүйесі қойылған. Қазір мұнда 510 мың гектарды қадағалайтын 37
бейнекамера жұмыс істейді. Жаттығу кезінде
шартты өрт ошағы әдейі тұтатылып, жүйенің оны қаншалықты жылдам
анықтайтыны көрсетілді. Сондай-ақ өрт сөндіру техникалары мен құрал-жабдықтар
таныстырылды. Тек өткен жылдың өзінде лизингтік қаражат есебінен 39 жаңа өрт
сөндіру автокөлігі, 26 шағын орман өрт сөндіру кешені мен аспалы жабдықтары бар
10 трактор сатып алынған.
Нұржан
Бекенов, «Семей орманы» табиғи орман резерваты директорының орынбасары:
Өздеріңіз білетіндей 2023 жылы үлкен өрттен кейін 26-шы жылға дейін Семей орманы аумағында техникамен жабдықтау 100 пайызға қамтылды. Өрт бақылау мұнарасы бар. Өрт өшіру маусымында тәулік бойы кезекшілік өткізеді. Одан басқа екі тікұшақ бар.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17