Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында 3 күнде 3 мыңнан аса құқық бұзылған

Қарағанды облысында 3 күнде 3 мыңнан аса құқық бұзылған

Қарағанды қаласында соңғы 3 күнде 3000-нан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Қазір шаһарда күшейтілген режимде рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Соның арқасында сенбі күні 800-ге жуық жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелген. Олардың арасында мас күйінде көлік айдаған 17 жүргізуші бар. Онымен қоса көлік жүргізу құқығынан айырылған, жалған нөмір пайдаланған, қарсы жолаққа шыққан 20-ға жуық жүргізуші жазаланды. Ал облыс аумағында «Тоқта – құқықбұзушылық» атты ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өтуде. Оған жергілікті сақшылардан бөлек Ақмола облысы мен Астанадан келген арнайы экипаждар да жұмылдырылған.

Жасқайрат Қайыров, облыстық ПД басшысының орынбасары:
ІІМ жоспары бойынша Астана ПД жеке құрамы және Ақмола облысының ПД жеке құрамы қосылып жатыр. Заңдылық пен тәртіп қағидатына байланысты біздің бірінші мақсатымыз – ешқандай құқық бұзушылық пен жол апатын болдырмау.


Бөлісу