Сот жүйесіндегі реформалар оң нәтиже беруде
Елдегі сот жүйесінде кадр тапшылығы мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барасында баяндалды. Жалпы, қазіргі кезде бос орындарды толықтыру көрсеткіші 131 пайызға жетті. Жоғары Сот Кеңесінің мәліметінше, енді үміткерлерді іріктеу процесі небәрі 3 ай ішінде жүзеге асырылады. Сот жүйесіндегі реформалар нақты нәтиже бере бастады. Астанада үш кассациялық сот іске қосылып, жүйенің жаңа құрылымы қалыптасты. Сондай-ақ талаптар күшейіп, үміткерлердің тек 24,5 пайызы ғана сыннан мүдірмей өтті. Ал шілдеден бастап кадрлық үдерістер толық цифрландырылады.
Жанат Оспанова, Жоғары Сот кеңесінің мүшесі:
Потенциалды мүдделер қақтығысын болдырмау және судьялардың тәуелсіздігіне кепілдіктерді күшейту мақсатында Кеңес құрамынан Бас Прокурор шығарылды. Кеңес мүшелерінің нақты саны 16 адам болып бекітілді. Оның ішінде Кеңес Төрағасы, 8 судья, әрбір сот сатысынан 2 судьядан, оның ішінде Жоғарғы Сот Төрағасы мен 7 Парламент пен заңгерлік қоғамдастық өкілдері. Бұл өзгерістер халықаралық стандарттар мен сарапшылар ұсынымдарына толық сәйкес келеді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04