Атыраудағы қоқыс полигоны әлі өртеніп жатыр
Атырауда қоқыс полигоны өртеніп қаланы жағымсыз иіс басты. Кеше түнде басталған өрт әлі ауыздықталмады. Қызыл жалынның аумағы 2500 шаршы метрге дейін жетті. Жалынды сөндіру үшін 35 техника мен 65 адам жұмылдырылды. Өрттің неден тұтанғаны әзірге нақты белгісіз.
Сұлтан Есенғалиев, «Арнаулы автобаза» ЖШС бөлім басшысы:
Топырақ техникамен нығыздалып, қабат-қабат етіп төселеді. Нығыздалғаннан кейін метан газы пайда болады. Сол жоғары көтеріліп, қай жер нашар нығыздалған, сол жерден өрт боп шығады. Қазір техника қолданыста бар. Өз күшімізбен сол техникаларды жұмылдырып жатырмыз.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04