ІІМ: Жол апатының 90% жүргізушілердің өзінен болады
Жол көлік оқиғаларының 90%-ы жүргізушілердің қателігінен болады. Жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығу, қызыл түске өту, жаяу адамға жол бермеу, көлік жүргізу кезінде телефон қарау – жол апатының басты себебі болып отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Елде жыл басынан бері шамамен 3 млн-ға жуық құқықбұзушылық тіркелген. Оның 80%-ға
жуығы автоматты тіркеу жүйелері арқылы анықталған. Қазіргі таңда республика
бойынша 30 мыңнан астам бейнекамера жұмыс істейді. Ең көп ереже бұзу Алматы,
Астана, Шымкент және Алматы мен Түркістан облысында тірелген. Былтыр елде 6
мыңнан астам жол көлік оқиғасы болып, 300-ден астам адам қаза тапты. Тағы 8
мыңнан астамы жарақат алды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл апат саны
төмендеген дейді ведомство өкілдері.
Ақтоты Боранова, ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі
аға инспекторы:
Соңғы кезде белең алып келе жатқан құқықбұзушылықтың бір түрі – ұялы телефонға телміру. Қазіргі таңда енді 30 мыңнан астам автоматты түрде тіркеу жүйелері бар деп жатырмыз. Соның көмегімен анықталатын құқықбұзушылықтардың саны өзі бес-алтау. Асыра басқарғаны үшін, бағдаршамады белгіленген тыйым салу белгісіне өтіп кеткен деген сияқты кете береді ғой. Солардың қатарына қазіргі таңда қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін және де ұялы телефонды қолданғаны үшін де жасалған құқықбұзуылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелері анықтайды.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақ бантик»: Түлектер желіде жаңа челлендж бастады
24.05.2026, 20:00
Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттады
24.05.2026, 19:59
Арықтататын дәрілердің ағзаға зияны қандай?
24.05.2026, 19:56
Қытайда шахтадағы апаттан 90 адам қаза тапты
24.05.2026, 19:54
Мемлекет жалға беретін баспана мен жалға алу құнын субсидиялау: Шарттары қандай?
24.05.2026, 19:52
Жұмысшының еңбек құқығы: Заңға қандай өзгеріс енгізіледі?
24.05.2026, 19:51
Қазақстандықтардың 36 млрд теңге әкімшілік айыппұлы кешіріледі
24.05.2026, 19:50
Астанада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты өтеді
23.05.2026, 20:08