Қазақстанның жаңа Конституциясы Канада парламенті сенатында талқыланды
Канада Парламенті Сенатының ғимаратында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау және қазақстан-канадалық қарым-қатынастарды дамыту перспективаларына арналған сараптамалық-талдамалық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Канаданың саяси, парламенттік және сараптамалық ортасының өкілдері қатысты. Канаданың сенаторы Клемент Жиньяк екі ел арасындағы парламентаралық диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, саяси және экономикалық салаларда жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады. Ал, Қазақстанның Канададағы Елшісі Дәулетбек Құсайынов екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, сондай-ақ елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы баяндама жасады. Жалпы, іс-шара мен оның аясындағы пікірталастар Қазақстандағы ішкі саяси реформаларға жоғары қызығушылық бар екенін көрсетті. Канадалық тарап өкілдері жүргізіліп жатқан реформалардың жүйелілігін атап өтіп, еліміздегі трансформациялық үдерістерді одан әрі зерделеуге қызығушылық білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы