Алаяқтар астаналық тұрғынның 20 миллион теңгесін жымқырды
Алаяқтар астаналық тұрғынды алдап, 20 миллион теңгесін жымқырды. Әккілер өздерін ұлттық байланыс операторы ретінде таныстырып, қосымша телеарналарды қосуға 30 пайыз көлемінде жеңілдік жасайтынын айтқан. Тұрғын осыған сеніп, жеке деректерін берген. Араға бірнеше минут салып, оның депозиттік шотындағы қаржы түгел ұрланған. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, бейтаныс нөмірден келген нұсқаулықты орындамауға шақырады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10