Президент Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражатын жымқыру деректері бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған. Мұны Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы айтты. Жанат Элиманов бюджетті пайдалану бойынша жүргізілген мониторинг қорытындыларын баяндады. Мал шаруашылығы саласына бөлінген 30 миллиард теңге субсидия тиімсіз жұмсалғанын жеткізді. Ғылыми зерттеулер мен ғылыми-техникалық жобаларды коммерцияландыруға бағытталған 10 миллиард теңгеден астам қаржы да мақсатсыз пайдаланылған. Құрылыс саласында 5,3 миллиард теңгені заңсыз иемденуге қатысты 21 қылмыстық іс қозғалған. Кездесу соңында Мемлекет басшысы агенттік жұмысының негізгі бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11