Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды
Түркістан облысында Сарыағаш айналма жолының құрылысы басталды.
Ірі инфрақұрылымдық нысан Президенттің транзиттік дәліздерді дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге аспақ. Сарыағаш ауданындағы жол – Орталық Азиядағы өте маңызды транзиттік тораптардың бірі. Өңірдің көлік инфрақұрылымын нығайтып, жолаушылар мен жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сарығаш айналма жолының салынуын жергілікті халық ұзақ күтті, мәселе енді шешімін тауып, елдің көліктік-логистикалық әлеуетінің артуына үлкен сеп болмақ.
Лесбек Нұртаев, Келес аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Жолымыз аман-есен басталып аяқталатын болса, жүк тасымалымыз артады. Мынау қазір республикалық жолдағы кептеліс тоқтайды. Халықтарға жұмыс табылады, Сарыағаш, Келес ауданының халықтарына. Сол үшін өте жақсы бастама болып жатыр дейміз.
Қазіргі қолданыстағы екі жолақты жол тәулігіне 3 мың көлікке есептелген болса, бүгінде 20 мың автокөлікке дейін қатынайды. Соның салдарынан көлік кептелістері мен жол апаты жиілеген. Ал ұзындығы 102 шақырым болатын 4 жолақты жаңа жолдың арақасында проблема түбегейлі шешіледі. Жобаның құны 204 млрд теңге, құрылыс үш жылға созылады. Жолда 8 көліктік жолайрығы, 2 теміржол өткелі, 22 көпір және 21 арнайы учаске салынады.
Дархан Иманашев, «Қазавтожол» ҰК АҚ басқарма төрағасы:
Құрылыс аясында 32 көпір, 223 құбыр салынады. Аялдамалар жасалады. Аялдамалардың ішінде заманауи әжетханалар, қонақүйлер, кафелер пайда болады. Жоба аясында барлығын ішіне енгізіп отырмыз, жобасына.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы