Таразда 9-сынып оқушысы кітап оқып, миллионер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда 9-сынып оқушысы кітап оқып, миллионер атанды

28.05.2019

Жеткіншек тұңғыш рет ұйымдастырылған «Кітап оқып, миллионер бол!» жобасының қорытынды кешінде марапатталды. Байқау қатысушыларына отандық және шетел жазушыларының 100 туындысы ұсынылған болатын. Ол 5 айдың ішінде әртүрлі жанрдағы 40 әдебиетті оқып шыққан.

Жалпы, шараға шаһар бойынша мыңнан астам мектеп оқушылары қатысып, 20 мыңнан астам кітап оқылды. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге кітап оқып миллионер бол хештегімен үш мыңға жуық жазба жарияланды. Мамандар мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын оятатынын айтады.

Қазына Әбілсейіт, миллионер оқушы:

- Сабақ уақытында да оқыдым. Қосымшаларға барып, үйге келгеннен кейін де оқыдым. Бір кітапты 3-4 күнде оқып бітіруге болады.

Тоғжан Аллаберген, байқау жүлдегері:

- Байқауда 23 кітап оқыдым. Оның 5-і әңгіме болып шықты. Бұл кітаптар 200, 300 және 400 бетке жетеді. Бір аптаның ішінде бір кітаптан оқып отырдым. Кейбір кітаптарды қайталап оқыдым.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу