Қорғалжын ауданында бөгет бұзылды
Ақмола облысының Қорғалжын ауданы Сабынды ауылы маңында орналасқан Шөптікөл бөгеті бұзылды. Соның салдарынан су елді мекен бағытына қарай жайылып, «Астана – Қорғалжын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 75-шақырым тұсын кесіп өтіп жатыр. Дегенмен, су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ. Қазіргі уақытта Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері ахуалды тұрақтандыру бағытында жедел шаралар қабылдап, 14 бірлік арнайы техника мен 30-дан астам жол маманы тартылған. Үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың толық көлемде кедергісіз өтуін қамтамыз етіліп жатыр. Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы - штаттық режимде.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04