Қарағанды облысында жол апатынан 30-ға жуық адам зардап шекті
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында вахталық автобус аударылып, 30-ға жуық адам жарақат алды. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Жандос Бақытұлы бізбен тікелей байланыста. Жандос, жұмысшылардың жағдайы қалай? Оқиғаның мән-жайы анықталды ма?
Жандос Бақытұлы, тілші:
Оқиға кеше Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде болған. Вахталық ауысымнан шыққан 50-ге жуық жұмыскер мінген автобус жарты жолда аударылып, 30 адам түрлі жарақат алды. Бірнеше жолаушы Төтенше жағдайлар қызметінің арнайы тік ұшағы арқылы облыс орталығына жеткізілді. Қалған жұмыскерлерге Бұқар жырау ауданы Ботақара кентінде алғашқы көмек көрсетілді. Дәрігерлердің ем домынан кейіен жағдайы жақсарған 26 жұмысшы үйлеріне жіберілді. 4 адам Қарағанды қаласына жеткізілді. Қазір біз тұрған көпсалалы Мақажанов ауруханасында бас аЯғы 7 адам ем алуда. Дәрігерлер науқастардың жағдайын орташа деп бағалады. Ал апат себебі әлі де анықталуда.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09