Жер ресурстарын басқару жөнінде ақпараттық жүйе құрылады
Елде жер ресурстарын басқару үшін арнайы ақпараттық жүйе құрылады. Бұл туралы парламенттік тыңдау барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Цифрлық платформада жер учаскелерінің аумағынан бастап геоботаникалық деректерге дейін болады. Бұл шаруаларға егінге кіріспей тұрып топырақтың құнарлығы жайында ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осылайша олар жылдағыдан еселеген көлемде өнім жинай бастайды, дейді мамандар. Жоба Ақмола облысында сынақтан өтіп жатыр. Жыл соңына дейін республика бойынша қолданысқа енеді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Бұл жүйе – кадастрлық деректерді, инфрақұрылымды, жер учаскелерін біріктіретін цифрлық карта. Мысалы, слайдта Ақмола облысындағы топырақтағы азотты талдау көрсетілген. Біз бұл элементтің жетіспеушілігін көріп отырмыз, бұл тыңайтқыштың қажетті енгізу көлемін болжауға мүмкіндік береді.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10