Басты Жаңалықтар Мектеп оқулықтарына кешенді сараптама жүргізіліп жатыр

Мектеп оқулықтарына кешенді сараптама жүргізіліп жатыр

Елімізде мектеп оқулықтарына кешенді сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бүгін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мемлекет басшысының қабылдауында айтты. Бұдан бөлек, «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 460 мың оқушыға арналған 217 білім ошағының құрылысы аяқталған. Үш ауысымды 80 және апатты жағдайдағы 31 мектептің мәселесі шешімін тапты. 209 білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 1192 пәндік кабинет заманауи қондырғылармен жабдықталды.  Балабақшаға кезек 2 есеге жуық қысқарған. Сондай-ақ саланы цифрландыру бойынша кешенді шаралар қолға алынған. Бүгінде мектептердің 99 пайызы интернетке қосылды. Жұлдыз Сүлейменова Президентке жаңа Конституция құндылықтарын ілгерілету мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ал Мемлекет басшысы бірқатар бағытты одан әрі дамытуды және білім сапасы мен оның қолжетімділігін арттыуды  тапсырды.

Жұлдыз Сүлейменова ҚР Оқу-ағарту министрі:

Білім беру стандарттарына, ірлегі пәндерге басымдық беріле отырып, мазмұны қайта қарастырылуда. Атап айтқанда, Қазақстан географиясы пәні 8-9 сыныпта 2 сағатпен қайта енгізіледі. Жалпы, білім мазмұны жетілдіріліп, оқулықтарымызға кешенді сараптама жүргізілуде


Бөлісу