Абай облысында мектеп оқушысы экоасфальт ойлап тапты
Абай облысы, Аягөз қаласында мектеп оқушысы пластик қалдықтардан эко-асфальт жасап шығарды. Жас өнертапқыш тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, жол жабынын жасау үшін жобаны үш жыл бұрын бастаған. Бірнеше сынақтан өткен сапалы материалға асфальт-бетон зауытындағы тәжірибелерінен кейін қол жеткізіпті. Ол бұл жобасын республикалық сайыста таныстырып бас жүлдеге ие болған. Аружанның айтуынша, арнайы өңделген пластик асфальт құрамына қосылған кезде жолдың беріктігі артып, қызмет ету мерзімі ұзарады. Мамандар мұндай жолдар 20-25 жылға дейін шыдас береді деген қорытынды шығарған.
Аружан Қабдұлмаратова, 10-сынып оқушысы:
Менің жобамның мақсаты пластиктен жасалған жолдардың экологиялық маңызын ашып, шешу жолдарын ұсыну. Қазақстанға экоасфальтты әкелу және қазақстандық экоасфальттың жасалуының бастамашысы болу. Жалпы пластикалық жол төсемді жасау үшін 18 айлық тестілеу қажет. Мен еліміздегі жаяу жүргіншілерге арналған жолдар мен саябақтарға осы экоасфальтты сынақ ретінде төсеп көруді ұсынамын.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17