Қазақстан ТМҰ елдерімен $12,9 млрд-қа сауда жасаған
Қазақстанның Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдермен өзара сауда көлемі 12,9 млрд долларға жеткен. Бұл жайлы Премьер-министр Олжас Бектенов Баку қаласында өткен кездесуде айтты. Әзербайжан астанасында ұйымға мүше елдердің үкімет басшылары кездесті. Илхам Әлиевпен өткен жиында сауда-экономикалық ынтымақ пен бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне мән берілді. Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі өнеркәсіп, көлік-транзит, ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру және ЖИ сияқты басқа да негізгі салалардағы әріптестікті одан әрі тереңдетуге күш салып жатқанын жеткізді. Кездесу соңында қатысушылар Бірлескен мәлімдеме қабылдады. Құжатта Әзербайжанның Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы төрағалығына және басым бағыттар бойынша практикалық ынтымақты дамытуға қолдау көрсетілетіні расталды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, бүгінде жаһан жұрты ТМҰ-ны зор сын-қатерлерге төтеп бере алатын, беделі мықты, ынтымағы жарасқан бірлестік ретінде таниды. Осы орайда біз бірлестігіміздің барлық мүмкіндігін пайдалана отырып, сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды одан әрі тереңдетуге мүдделіміз. Біз жақын арада цифрлық экономика саласындағы әріптестік туралы келісімді ратификациялауды аяқтаймыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы