Басты Жаңалықтар ЖИ бағытындағы ЖОО қыркүйекте ашылады

ЖИ бағытындағы ЖОО қыркүйекте ашылады

Қыркүйек айында Президент тапсырмасымен AI-Enabled University деп аталатын жаңа оқу орны ашылады. Бұл – оқу процесі кезінде, ғылыми зерттеу жасағанда, жалпы барлық бағытта жасанды интеллект технологиялары толыққанды енгізілген оқу орны болмақ. Осы және ғылым-білім саласындағы өзге де атқарылып жатқан жұмыстар туралы министр Президентке есеп берді. Саясат Нұрбектің айтуынша, қазіргі таңда адам капиталын дамытатын экожүйе құру, таланттарды үздіксіз қолдау, жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуетін түсіндіру шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. 2030 жылға дейін еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мамандарға деген сұранысты нақтылайды. Жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту үшін саланы қаржыландырудың жаңа моделін енгізу жоспарланған. DeepTech пен күрделі өндірістерді дамыту қолға алынды. Мемлекет басшысы жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру, инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Саясат Нұрбек, Ғылым және жоғары білім министрі:
Білімді бағалаудың жаңа моделіне көшу арқылы мектептен бастап, өндіріс саласына дейінгі барлық кезеңді қамтитын адами капиталды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастырамыз. Конституциялық мәдениетті қалыптастыруға басымдық беруде. Жоғары оқу орындарындағы барлық білім беру бағдарламалары жаңартылады. Жаңа Конституция бойынша әдістемелік ұсынымдар мен ғылыми түсіндірмелер әзірлеу аяқталуға жақын.


Бөлісу