Стратегиялық нысандар жаңғыртылып жатыр
Оралда су беру тоқтап, жиі апат болатын кәріз-сорғы стансалары қайта жаңғыртылып жатыр. Әбден тозған электр желілері мен жылу құбырлары да қалпына келтірілуде. Өңірге жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысының кеңесшісі Ермек Маржықпаев стратегиялық нысандар құрылысымен танысты.
Қаладағы кәріз сорғы стансаларында апат жиі болады. Су бұру нысандарының 60%-ы тозған. Қазір шаһардағы 37 стансаның ең ірі деген 7-еуінде құрылыс жүріп жатыр. Жұмыс аяқталған кезде ауызсудан ажырату, кестемен беру мәселесі шешіледі.
Бейімбет Мусин, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
370 мыңдай тұрғынның су бұру желілерінің барлығының проблемасы шешіледі. Осы жылы бітіреміз барлық жұмысты. Қазір ғимарат 95%-ға дайын. Осы ауданда жиі болатын ақау бітеді. Зачаган кентінде де осындай кәріз сорғы стансаларында реконструкция жасалып жатыр.
«Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында аймаққа 21 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа электр желілері де жаңғыртылап жатыр. Былтыр Орал қаласы мен Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі аудандарында жарық беру жабдығы ауыстырылған. Қазір облыс орталығы мен 40 ауылда желілер жөнделіп жатыр. Нәтижесінде электр желісінің тозуы 78,8 %-дан 66 %-ға дейін түседі. Сондай-ақ Өнеге ауылында күн және газ электр станциясы салынады.
Асқар Ғайсин, Батыс Қазақстан электр желісін тарату компаниясының бас инженері:
Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандары әлі күнге дейін Ресейдің электр энергиясына тәуелді боп келе жатырмыз ғой. Қазір 0,09 МВт күн сәулесіне қуат алатын панельді қою үстіндеміз. Газпоршенді станса келуі керек. Оны да қоятын болсақ, біз Бөкей ордасы мен Жәнібек аудандарын түгелдей Ресейдің тәуелділігінен алып шығамыз. Өзіміздің электр энергиясымен қамтимыз.
Ұлттық жоба аясында шаһарда 60-жылы салынған жылу электр орталығының ғимараттары, жылу магистральдары да жаңғыртылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы