Астанада VII Kazakhstan Machinery Fair көрмесі ашылды
Өндіріс пен кәсіпке қажет тың технологиялар мен құралдар, машиналар және металл өңдейтін техникалар бүгін көпшіліктің назарына ұсынылды. Астанада халықаралық көрме өтіп жатыр. Мұнда отандық және шетелдік жетекші компаниялардың экспозициялары таныстырылады. Іс-шара әлемнің 19 елінен 250-ден астам компания мен 4000-ға жуық маманның басын қосып отыр. Көрменің ашылу салтанатына еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев та қатысты. Оның сөзінше, бүгінде бұл секторда 4 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оларда шамамен 130 мың адам еңбек етеді. Былтыр машина жасау саласындағы өнім өндіру көлемі 18%-ға өсіп, 6 трлн теңгеге жетті.
Мейрам Пішембаев, Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы:
Біздің кәсіпкерлерге тиімдісі – осы жерде әдемі шыққан машиналар, түрлі құрал-жабдық экономикамызға қажет. Осы жерде көріп, шетелдік инвесторлармен, шетелдік технология иелерімен келісімшарт жасап, еліміздің экономика өндірісінің дамуына жылдан-жылға ықпалы өсіп келе жатқан іс-шара деп есептейміз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11