1 шілдеден бастап кредит алу қиындайды
Енді кредит алу қиындайды. 1 шілдеден бастап несие беру тәртібіне өзгеріс енгізілмек. Бұдан былай банктер табыс көзінің бар-жоғына баса мән береді. Зейнетақы жарнасына, міндетті медициналық сақтандыруға жүйелі түрде қаржы төленбесе есепке алады. Мұның барлығы арнайы деректер базасы арқылы жүргізілмек. Демек тұрақты жұмысыңыз болмаса, қаржы ұйымдарынан қарыз ала алмайсыз.
Айта кетсек, бүгінде банктердің бей-берекет несие рәсімдеуінің кесірінен
Қазақстанда 1 жарым миллионнан астам адам қарызын төлей алмай жүр.
Асан Ахметжан, Ұлттық банктің баспасөз хатшысы:
Бұл қарыз жүктемесі жоғары қарыз алушылардың берешегін одан әрі өсірмеу үшін қабылданған шара. Және халықтың шамадан тыс қарызға батуының алдын алуға мүмкіндік береді. Қарыздың табысқа қатынасты коэфициентін енгізу төлеуге қабілетті қарыз алушылардың кредит алуына айтарлықтай әсер етпейді. Сонымен қатар жүктемесі жоғары клиенттер үшін жаңа қарыз алу мүмкіндігі белгіленген көрсеткіш аясында шектеледі.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10