Қазақстанда жүргізушісіз автомобильдер іске қосылады
Қазақстанда жүргізушісіз автомобильдер мен дрондар пайда болады. Қазір елде пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Аппараттар сағатына 300 шақырымнан аса жылдамдықпен ұша алады және жолаушыларды Алматы әуежайынан Медеуге дейін небәрі 10-12 минутта жеткізеді.
Жаслан Мәдиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
Қазақстанда халықаралық технологиялық компаниялардың қатысуымен пилотсыз автомобильдердің эксперименттік жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру мерзімі – 2026 жылдың екінші тоқсаны. Бұдан бөлек, елде жеке бастама аясында жеткізуші дрондарды енгізу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.
Жасырын кен орындарын іздеу үшін инновациялық әдіс қолданылады
Аэротакси жолаушыларды да, жүктерді де тасиды. Қазір ұшу мен қонудың нақты кестесі, сондай-ақ нормативтік базаны әзірлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба туристік әлеуетті дамытпақ. Болжам бойынша өңірдегі туристер ағыны 8 миллион адамға жетуі мүмкін. Жаңа технологиялардың әлеуеті геологиялық барлау жұмыстарында сыналмақ. Нақтырақ айтсақ, жасырын кен орындарын іздеу үшін инновациялық әдістер қолданылады. Айта өтейік, елімізде бүгінге дейін 5000-нан астам кен орны зерттелмеген.
Ерсайын Нағаспаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
Бұл әдіс жер астындағы металдардың әлсіз ізін анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша мамандар пайдалы қазбалардың бар-жоғын анықтай алады. Алынған деректер 2D және 3D модель түрінде шығарылып, перспективті аймақтарды дәл айқындауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы