Коммуналдық тариф бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасады
Ертеңнен бастап елімізде коммуналдық тарифтерді көтеруге енгізілген мораторий аяқталады. Алайда жарық пен судың бағасы шарықтап кететін болды деп алаңдамаңыз. Үкімет өзгерістердің кезең-кезеңімен және нақты есепке негізделіп жүзеге асатынына кепілдік беріп отыр. Басты мақсат - халықтың қалтасына салмақ түсірмеу. Сонымен бірге бағаның күрт өсуіне жол бермей, елді сапалы әрі қолжетімді коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету назарда болмақ. Жанар-жағармай нарығында да тұрақтылық сақталады, дейді жауаптылар.
Әсел Серікпаева, ҚР Энергетика министрлігінің ресми өкілі:
Елде жанар-жағармай тапшылығы жоқ, қажетті қорлар толық көлемде қамтылған. Аймақтарда жергілікті атқарушы органдар, уәкілетті ведомстволар және нарық қатысушыларының қатысуымен жедел мониторинг штабтары жұмыс істейді. Олар күн сайын бағаны, отын қоры мен жеткізу логистикасын бақылап, кез келген ауытқуға жедел әрекет етіп, ішкі нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01