Инклюзия жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Бүгін Астанада Сенат жанындағы Инклюзия жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиында мүгедектігі бар балалар мен ересектерді оңалтудағы инклюзивті спорттың дамуы талқыланды. Қатысушылар өңірде инфрақұрылым мен білікті мамандардың жеткіліксіздігіне және бірыңғай әдістеменің жоқтығына назар аударды. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев инклюзияны қолдау – Әділетті Қазақстан құрудағы негізгі қағидат екенін атап өтті. Мемлекет басшысы тапсырмасымен салынған Инклюзивті спорт орталығы азаматтарға жаттығу, оңалту, емдеу және оқыту қызметін кешенді түрде көрсетеді. Елде қазір 16 арнайы клуб пен 2 спорт мектебінде 8 мыңға жуық спортшы тұрақты жаттығады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
15 наурызда бүкіл Қазақстан халқы болып, Президентіміз ұсынған еліміздің басты заңы - Конституцияны қолдады. Жалпы, Конституциямыздағы ең негізгі басымдық ол адамдардың құқықтарын қорғау, мүдделерін қамтамасыз ету. Осы тұрғыдан келген кезде, жалпы мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау, қолдау, жаңа бір белестерге шығуға мүмкіндік ашып беру - бұл мемлекетіміздің алда тұрған ең негізгі мақсаты. Бұл Конституциямыздан туындайтын сондай үлкен мақсат-мұраттар. Осы бағыттарда бәріміз әрі қарай да бірігіп нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17