Шекара қызметі сарбаздарын шығарып салды
Шекара қызметіне қосылғалы жатқан сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. «Көктем–2026» шақырылымы аясында ұйымдастырылған шарада заманауи әскери киім үлгілерінің көрмесі ұсынылып, арнайы техникалық құралдар таныстырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мақсат – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, әскери қызметтің маңызын түсіндіру және қоғам мен армия арасындағы байланысты нығайту. Салтанатқа әскерге шақырылған жастармен қатар мектеп оқушылары, қала әкімдігінің өкілдері, Шекара қызметінің қызметкерлері, офицерлер мен майдангерлер қатысты. Ардагерлер сөз сөйлеп, жас сарбаздарға ақ жол тіледі.
Берік Жиенбаев, ҚМ ҰҚК департамент бастығының орынбасары:
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметіне 21 сарбаз шақыру бойынша өтті. Олар біздің ШҚО Зайсан қаласына қызмет етуге барады. Борышын атқару парыз деп, өздеріне сенімін арттыру және отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатында ұйымдастырдық.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09