Оралда дропперлер қолға түсті
Оралда күдіктілер студенттің атынан шот ашып, ақшаны шетелге аударып отырған.
Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері алаяқтық жолмен алынған қаражатты дропперлер арқылы айналымға шығару схемасын әшкереледі. Қылмыстық топ азаматтардың банк шоттарын пайдаланып, қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Күдіктілер үшінші тұлғаларды тартып, дропперлерге 200-350 доллар көлемінде сыйақы төлеген. Бір студент өз шотындағы заңсыздықты байқап, құқық қорғау органдарына хабарлаған. Шоттар бұғатталғаннан кейін күдікті мен сыбайластары жәбірленушіге қысым көрсетіп, банк қосымшаларын қайта верификациялауды талап еткен.
Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:
Оны пәтерде заңсыз ұстап, күш қолданамыз деп қорқытып, ұялы телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген, ал түскен қаражатты өзара бөліскен. Сонымен қатар күдіктілер шоттардағы шектеулерді алып тастауға әрекет жасап, жәбірленушіні банктер мен әкімшілік органдарға ертіп жүрген. Схема ұйымдастырушысы қамауға алынды, ал оның алты сыбайласына қатысты кепіл және елден шықпау түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылып, іс сотқа жолданды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17