Абай облысындағы қарғын судан қауіп сейілді
Еріген қар суы Абай облысындағы Бозтал ауылына қауіп төндірді. Абырой болғанда жергілікті билік пен құтқарушылардың жедел әрекетінен кейін елді мекенді су басу қауіпі сейлді. Ауылды жағалай бөгет салынып, инерттік материалдар төселген. Аумақ тікұшақпен бақылауға алынды. Елді мекенге облыс басшысы барып, құрылған жедел штабқа тапсырма берді. Қазіргі жағдай тұрақты, тұрғын үйлерді су басу фактісі тіркелмеген. Қауіпсіздік мақсатында 80 орындық тұрғындарды уақытша орналастыру пункті әзірленген. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан 70 адам және 18 техника тартылды. Кеше қауырт келіп тұрғындарды алаңдатқан қар суының деңгейі жарты метрге дейін төмендеген, дейді мамандар. Алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17