Қызылорда облысында үш күнде жасөспірімдер арасында 300 құқықбұзушылық анықталды
Қызылорда облысында кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдермен үш күнде 300 құқықбұзушылық анықталған.
Аймақта өткен жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысымен полиция инспекторлары балаларының тәрбиесіне немқұрайлы қараған 22 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырған. Жалпы 260 жасөспірім түне үлкендердің қарауынсыз ойын-сауық орталықтарында жүрген. Беймезгіл уақытта келушілердің жас ерекшелігін қадағаламаған 8 кәсіпкерлік нысан иесі жазаланды. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында тәртіп сақшылары мұндай шараларды алдағы уақытта да жалғастыра бермек.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04