Атырауда нөсер жауыннан 10 мыңға жуық үй жарықсыз қалды
Атырау қаласында кеше түнде жауынның салдарынан 10 мыңға тарта үй жарықсыз қалды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жағдай тұрақталып келді, бірақ әлі жарықсыз отырған ықшам аудандар бар. Олар туралы толық ақпаратты жауапты мекеме әлі бермеді. Кеше кешкі 19:00 шамасында Көкарна, Курилкино, Еркінқала, Томарлы ауылы және Авангард 3-4, Ракуш, Жұмыскер, Жұлдыз, Береке ықшам аудандарында электр энергиялары өшіп, 10 мыңға тарта үй жарықсыз қалды.Қайта қалыпқа келтіру үшін «Атырау Жарық» ЖШС 8 бригада жұмылдырылған. Қосалқы станцияларда апатты жағдай жауынның салдарынан пайда болды дейді атқамінерлер. Қызметкерлер қазір жарықты тұрғын жайларға біртіндеп беріп жатыр. Сондай-ақ қалада 14 вакум техникасы таңға дейін дамылсыз жұмыс істеді. Олар орташық көшелер, арықтар мен әлеуметтік нысандардың аумағынан 350 текше метр су шығарған.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04