Басты Жаңалықтар Елімізде қалдықтарды өңдеу орталығы құрылады

Елімізде қалдықтарды өңдеу орталығы құрылады

«Жасыл даму» акционерлік қоғамы негізінде елімізде  қалдықтарды өңдеу орталығын құру жоспарланып отыр. Оған ұлттық мәртебе беріледі. Ол жай ғана ұйым емес, бүкіл ел бойынша қалдықтарды басқару жүйесін үйлестіретін, барлық процесті біртұтас механизмге біріктіретін орган болмақ. Ұйымның 2026–2030 жылдарға арналған арнайы тұжырымдамасы да бекітілген. Қазіргі таңда Қазақстанда қалдықтарды жаңғырту бойынша кешенді реформалар іске асырылып жатыр. Бұл бағытта жұмыс істейтін зауыттардың да қатары артып келеді. Мәселен, елордадағы  «Kazecotech» ғылыми-техникалық кәсіпорны. Компания аккумуляторлар, офис техникасы мен резеңке бұйымдарды, сондай-ақ  лампалар және басқа да қауіпті материалдарды қауіпсіз өңдеумен айналысады. Соңғы 5 жылда  4 миллионнан астам ескі лампаны қайта қалпына келтірген. Бүгінде Экология министрлігінің қолдауымен және «Жасыл Даму» компаниясының көмегімен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өндірісте қолданатын технологиялары да заманауи стандартқа сай.

Антон Пронькин, инженер – эколог:

Көп адам бір ғана шамның қаншалықты қауіпті екенін түсіне бермейді. Сынған бір шамның өзі 6 шақырымға дейін ауаны сынап буымен ластауы мүмкін.  Қазір Астана бойынша шамамен 600-ге жуық қызғылт сары контейнер бар. Бұл контейнерлер шамдар, батарейкалар, аккумуляторлар жинауға арналған. Жиналған қалдықтар осы кәсіпорынға жеткізіліп, осында арнайы өңдеуден өтеді. Осылайша біз сынапты бөліп алып, залалсыздандырамыз. Әйтпегенде ол адамға у сияқты әсер етеді, денсаулыққа зиян келтіріп, тіпті өмірге қауіп төндіреді.
Бөлісу