Басты Жаңалықтар Қарулы күштерде тамақтанудың жаңа тәсілі енгізіле бастады

Қарулы күштерде тамақтанудың жаңа тәсілі енгізіле бастады

Енді әскерилер «швед үстелінен» тамақ ішеді. Елімізде әскери қызметшілерді азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін кешенді түрде жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Негізгі жаңалықтардың бірі әскери қызметшілерге бірнеше тағам арасынан өз таңдауын жасауға мүмкіндік беріледі.  Қазіргі таңда 40 мыңнан астам әскери қызметшіні тамақпен қамтамассыз ететін 23 қызмет көрсетуші бар. Оның ішінде мерзімді қызмет сарбаздары, курсанттар мен кадеттер бар. Конкурс нәтижесінде бәсекелестікті арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін 11 жаңа жеткізуші анықталды. Сонымен қатар тамақ рационын ұлттық тағамдармен толықтыру және калория мөлшерін арттыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Есен Әділет, 44813 әскери бөлімі азық-түлік қызметінің бастығы:

Жаңа тамақтану моделі әскери қызметшілерге әр күн сайын бірнеше түрлі бірінші және екінші тағамға өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді. Бірақ азық-түліктің төмен ақысы өзгермейді.


Бөлісу