Қазынашылық жүйесіне ЖИ енгізілуде
Мемлекеттік қазынашылық жүйесі цифрландырылып жатыр. Бұл жайлы комитет төрағасы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Құзырлы орган былтыр халықаралық ISO стандартына көшкен. Бұл қаржылық хабарламалардың халықаралық талаптарға сай етіп, төлемдерді өңдеу үдерісін жеделдетуге және автоматтандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ цифрлы бастамалар қазынашылық жүйесінде қызмет көрсетілетін квазимемлекеттік сектор ұйымдарының санын арттыруға мүмкіндік бермек. Ал биыл қажетті құжаттарды дайындап, келесі жылдан бастап жаңа жүйені кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.
Рахат Тоқбаев, ҚМ мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы:
2026 жылы қазынашылық жүйесін басқа жүйелермен байланыстыру, соның ішінде цифрлық теңгені пайдалану жоспарлануда. Келешекте заманауи және тиімді шешімдерді қамтитын жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, мемлекеттік қаржыны жедел басқаруға бағытталған қазынашылық жүйесінің жаңа архитектурасын құру міндеті тұр.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбыраның үні бірер сағатта 100 мың қаралым жинады
22.10.2026, 17:27
Егемендік декларациясы – тәуелсіздікке бастаған тарихи құжат
22.10.2026, 17:25
Ақмола облысында шағын кәсіпкерлік пен мал шаруашылығы дамып келеді
22.10.2026, 17:20
Қолөнер шеберлері бұйымдарын қосымша арқылы сата алады
22.10.2026, 17:17
Әскери реформаға байланысты қоғам пікірі
22.10.2026, 17:15
Фейк: «Мұғалімдер мен дәрігерлерге арнайы ипотека»
22.10.2026, 17:12
Атырау облысының кәріз жүйелерін толық ауыстырады
22.10.2026, 17:10
Үшжақты кездесу алдағы айға жоспарланды
22.10.2026, 17:09