Басты Жаңалықтар ШҚО-да 4 жылда 464 мың гектар жер қайтарылды

ШҚО-да 4 жылда 464 мың гектар жер қайтарылды

Шығыс Қазақстан облысында қазір жайылымдық үшін 700 мың гектар жер қажет. Бүгінде  осы қажеттіліктің тең жартысы ғана өтеліп отыр. Есесіне аймақта соңғы 5 жылда жалпы төрт түліктің саны 2-3 есеге өскен. Дегенмен 2022 жылдан бері облыс бойынша  мемлекетке  464 мың гектар жер қайтарылды. Ол негізінен егіндік пен шабындық. Ал қайтарылған алқаптар келесі бір шаруаға беріледі.

Шабындық пен егіндікке бұл шаруашылық күз бен қыста мал жаяды. Өйткені өріс жоқ. 2004 жылы құрылған  жеке қожалықта қазір төрт түліктің түрі түлеп тұр. Иелігіндегі 4 мың гектардың  басым бөлігі егіндік пен шабындық.

Асылбек Қалдешов, шаруа қожалығының жетекшісі:

Жер жағы бізге керек. Қаншама техника алып алдық. Жаңа техникалар. Жерді көбейтпесе, ақтамай қалады. Конкурспен былтыр 137 гектар берді. Егістік жер. Енді оны биыл 2026 жылы істейміз.

Күршім ауданында ауыл шаруашылығы мақсатында 850 мың гектар жердің 730 мыңы жайылымдық. Ал 36 мың гектар алқап егістік бағытта болса, қазір оның 24 мың гектарын ғана игеріліп отыр. Қалған 13 мыңы тозаңы шығып тозып жатыр.

Қуанған Қарағызов, Күршім аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы:

Оны бүгінгі күні игере алмай отырған себебіміз суға байланысты. Бұрын өзіңіз білесіз, совхоз кезінде пригаттар болды. Соған байланысты қазір бізде кейбір жерлер пайданылмай тұр.

Пайдаланылмай тұрған жерді алған кейбір шаруалар жаңбырлатып суратын қондырғылар қойып жатыр.

Ауылдың тіршілгін тіктеу үшін Әмірбек Райымбеков Ұлан ауданынан  414 гектар жер  алып, былтыр оның 114 гектарына жоңышқа еккен. Құны 300 миллион теңге тұратын жаңбырлатып суаратын қондырғы орнатты.

Әмірбек Райымбеков, шаруа қожалығының жетекшісі:

Ауылдың жанында осындай бос жатқан жерлерді игерсек, өте дұрыс болар еді. Не өзіме жоқ. Не елге жоқ деген болмайды. Бұл үкіметтің жері ғой. Бергеннен кейін пайдалану керек. Пайдаланабасаң, қайтарып таста!

Облыста ауыл шаруашылығы бағытында 3 миллион 542 мың гектар жер болса, оның 631 мың гектары егістік, 279 мыңы шабындық, ал 2миллион 465 мыңы жайылымдық. 2025 жылы өңірде 120 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Алайда аймақта әлі 150 мың гектардан астам алқап игерілмей жатыр. Кейбір ауылдардың  өрісі тар.

Олжас Керейхан, тілші:

Жер Кодексінің талабы бойынша 1 жылқығы 5,4 гектар, сиырға 4,5 жарым. Егер бір қойыңыз болса, аз дегенде 1 гектарға жуық жер керек. Сондықтан малы өскен, бірақ өрісі тарылған кейбір ауылдың тұрғындары қорасындағы азғана қой-ешкісін жеке бөліп алып, мынадай тоғайдың арасына немесе жолдың шетіне бағуға мәжбүр.

Қазір шығыста жылқы саны 250 мыңға жетсе,  400 мыңға жуық сиыр бар.   Миллионға жуық ұсақ мал бар. Ал төрт түлік өскенмен өріс өспейтіні анық.


Бөлісу