Жамбыл облысында 76 каналды жаңартады
Келесі жылдан бастап Жамбыл облысының диқандары алқапқа ағын су жеткізуде қиналмайтын болады. Өйткені өңірде ұзындығы 430 шақырымды құрайтын 76 каналды қайта жаңғырту жұмысы жүріп жатыр.
Бүгінде су арналарын бетондау жобасы облыстың 5 ауданында енгізілген. Әсіресе бұл бағыттағы жұмыстың басым бөлігі Шу ауданында қолға алынды. Онда бетондалатын 45 арнаның жалпы ұзындығы 277 шақырымға жетеді. Ал бетондау жұмысының қарқыны бойынша Байзақ ауданы алда келеді. Жалпы, биыл Жамбылда егіс көлемі 665 мың гектардан асты. Бұл былтырғыдан 25 мың гектарға ұлғайған. Енді каналдарды жаңғырту екі жылда аяқталса 51 мың гектарға су жеткізуге мүмкіндік туады.
Жыл сайын мехникалық тазалау жұмыстарын жүргізіп тұратынбыз. Бірақ қанша дегенмен судың шығыны көп болды. Су жүрмегеннен толық қамти алмай отырған. Ал енді құрылыс жұмыстары біткеннен кейін 830 гектар суармалы жерді толығымен қамтимыз деп жобалап отырмыз. Енді канал жөнделгеннен кейін су шамамен 80-90 пайызға жоғалтусыз келеді деп жобалап отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы