Алматыдағы жол апаты: Көлік жүргізуші мас болған
Алматыдағы әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жантүршігерлік жол апаты кезінде Zeekr жүргізушісі мас болған.
Сондай-ақ Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Жол апаты кезінде қаза тапқан 29 жастағы Mercedes жүргізушісінің қорғаушысы Олег Чернов бірқатар процессуалдық өтініш жасады. Ол кешенді сараптама жүргізу үшін бейнежазбаларды, қоңыраулар детализациясын талап етіп отыр. Сол арқылы жол апатының нақты себебін, соқтығыс жылдамдығын анықтамақ. Қазір Zeekr автокөлігінің жүргізушісі мен құқық қорғау органы қызметкері күдіктілер санатында. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, 21 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жол апаты болып, 3 адам қаза тапқан еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы