Таразда саябақ сала бастады
Тараздағы «Бәйтерек» шағын ауданына бір мезетте жүзден аса тұрғын жиналып, шағын саябақтың негізін қалады. Тараздықтар 4 көп қабатты үйдің ортасындағы ашық алаңқайға 2 мың түп ағаш екті.
Сөйтіп шаңдағы шығып, шөп басып жатқан жер ауқымды саябаққа айналып шыға келді. Тұрғындар «Таза Қазақстан» акциясы аясында жол жиегі мен өз аулаларының алдына да ағаш отырғызды. Осылайша шаһар әкімдігі мен шағын аудан тұрғындары бірігіп, биылғы наурызды көгалдандыруды кең көлемде жүргізу арқылы ерекше атап өтті. Енді демалыс орнында балаларға арналған ойын алаңқайлары бой көтермек. Айта кетейік, биыл сәуірде «Қызыл абад» алабына «Жасыл белдеу» жобасы бойынша 10 мың түп қарағаш көшеті отырғызылмақ.
Бақытжан Орынбеков, Тараз қаласының әкімі:
Қала аумағында біз 30 мыңнан астам ағаш егуді жоспарлап отырмыз. Ағаштарымыз тек қана бірінші сорттағы ағаштар. Одан кейін біздің тікелей ботаника институтымен нұсқама беріліп, рекомендация беріліп, қандай ағаш біздің өңірге жерсінеді, соның барлығы ескеріліп, сол ағаштар егіліп жатыр.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16