Басты Жаңалықтар Алимент төлеушілердің қарызы ₸18 миллиардқа жеткен

Алимент төлеушілердің қарызы ₸18 миллиардқа жеткен

Еліміздегі алимент төлеушілердің жалпы қарызы 18 млрд теңгеге жеткен.  300 мыңға жуық адам берешегін өтеуге аса бір құлшынбайтын көрінеді. Бұл қазіргі атқарушылық іс жүргізу жүйесінің осалдығын көрсетеді,-дейді депутаттар. Азаматтар сотта жеңіп шықса да, өзіне тиесілі қарыз, алимент, айыппұл ақшасын уақытында ала алмайды. Осы проблемаларды шешу үшін мәжіліс депутаттары заң жобасына нақты өзгерістер ұсынды. Біріншіден, өндірілген ақша 5 жұмыс күні ішінде берілуі тиіс. Атқарушылық іс жүргізу жүйесі осыны толық қадағалауына алады. Сондай-ақ жиында алимент ретінде төленетін қаржыға есеп берілуі керек пе,-деген сұрақ та талқыланды.  Қазір баланың күтіміне берілетін ақша екінші ата-ананың қолына беріледі, бірақ оның нақты қалай және қайда жұмсалғаны бақылауға алынбаған. Салдарынан арада күмән пайда болып, арты дауға ұласқан жайттар аз емес. Дегенмен, бұл мәселе адамның жеке өміріне шамадан тыс араласуға әкелмеуі керек.

Наталья Дементьева, Мәжіліс депутаты:
Мысалы Еуропада осындай есеп бар. Бірақ та Еуропалықтардың пікірлері жалпы ұстанымдары әртүрлі ғой, бізден қарағанда. Олар мысалы бұл дұрыс, есеп беру керек деп ойлайды. Өйткені тепе-теңдікті сақтау үшін, балаға берілетін ақша қайда жұмсалады дегенді білуге тиісті.


Бөлісу