Аралды құтқару қорының басқарма мүшелері кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Халықаралық Аралды құтқару қорының басқарма мүшелерімен кездесу өткізді. Жиынға Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің өкілдері мен Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы комитетінің төрағасы, сондай-ақ еліміздегі салалық министрліктер мен ведомство басшылары қатысты. Кездесуде Сырдария және Әмудария өзендеріндегі су ресурстарын есепке алу, мониторинг жүргізу және бөлу бойынша бірыңғай автоматтандырылған жүйені кезең-кезеңімен енгізу мәселесі қозғалды. Бұл су пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етіп, мемлекеттер арасындағы су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сындарлы диалогті жалғастыруға, су дипломатиясын дамытуға және өңірдің су ресурстарын тұрақты басқаруға, сонымен бірге Арал теңізі бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған ортақ шешімдерді бірлесіп іздеуге мүдделі екенін жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы