Басты Жаңалықтар Республикалық автожолдар бақылауға алынған

Республикалық автожолдар бақылауға алынған

Қазавтожол бірқатар өңірде республикалық маңызы бар автожолдарды су басу қауіпіне байланысты тәулік бойы бақылауға алды. Жол қызметкерлері көпірлер, бөгеттер және су өткізу жүйелерінің жағдайын тексеріп жатыр. Ақмола облысында өзендер мен каналдардағы су деңгейі қадағаланып, бөгеттер мен су бұру нысандары түгел тексеріледі. Көкшетау Атбасар тасжолында қосымша нығайту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Ал Астана Қорғалжын бағытында көпірлер мен су өткізу құрылымдары қаралып, қауіпті учаскелер тазартылып, қорғаныс валдары тұрғызылған. Батыс Қазақстан облысында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су басу қаупі жоғары аймақтар ерекше бақылауға алынған. Қарағанды облысында да қауіпті учаскелерде қорғаныс шараларын күшейту үшін материалдар қоры дайындалған. Қажет болған жағдайда жол белгілері орнатылып, қорғаныс үйінділері тұрғызылып, құм толтырылған қаптар төселеді.

Бөлісу