БҚО-да кіші өзендердің деңгейі көтерілді
Батыс Қазақстан облысында кіші өзендер деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді.
Аймақта тасқынның бірінші кезеңі, яғни қар еруі аяқталды. Бір облыстық маңыздағы және 9 ауылдың кірме жолын су шайғанымен, бірде-бір үйді су басқан жоқ. Өңірде тасқынның екінші кезеңі басталды, яғни кіші өзендердің толуы байқалады. Соңғы тәулікте Шаған, Деркөл, Быковка өзендерінің деңгейі көтерілген. Алайда шарықтау шегіне жеткен жоқ. Ал аймақтың бас күретамыры – Жайықтың суы сәуірдің соңында 5,5 - 6 метрге дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Қазір дария деңгейі 254 см. Қауіпті деңгей 8,5 метр.
Нұралы Мусиев, облыстық ТЖД басқарма бастығы:
Қазіргі таңда бізде Деркөл, Шаған өзендерінің бассейніндегі ылғалдық қор және басқа да гидрометеорологиялық көрсеткіштерге сәйкес осы екі өзен ерекше бақылауда. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам жеке құрам мен 2 мыңнан астам техника дайындыққа келтірілді.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17