Алматыда WorldSkills Almaty чемпионаты өтті
Алматыда жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға бағытталған WorldSkills Almaty чемпионаты өтті. Ауқымды додада 57 мамандық бойынша 470 студент өзара бақ сынап, кәсіби шеберлігін көрсетті. Ұйымдастырушылар бұл байқау жас мамандар үшін болашақ жұмыс берушілермен байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік береді, деп отыр.
Ерсін Байхан роботтың қолын әзірлеп жатыр. Құрылғы дайын
болған соң бағдарлама енгізіледі. Робототехника саласын жетік меңгерген жас
инженер роботты небәрі 5 сағатта құрастырыпты.
Ерсін Байхан, қатысушы:
Робототехниканы үйренгеннен кейін артымыздан келе жатқан балаларға үйреткім келеді. Робототехниканың қызығы командалық, сайысу, біліміңді дамытады. Инженерия және бағдарламалауды бірдей ала аласың.
Қатысушыларға нақты өндірістік тапсырмалар беріліп, оларды қысқа уақыт ішінде орындау талап етіледі. Әр мамандық бойынша кем дегенде 6 қатысушыдан тіркелген. Бұл дода жас мамандардың кәсіби деңгейін шыңдап, тәжірибе алмасуына сеп болады, дейді ұйымдастырушылар.
Бектұрған Ахметов, «WorldSkills Almaty» чемпионатының ұйымдастырушысы:
Жұмыс берушілер мықты балаларды оқу бітіргеннен кейін жұмысқа алуы үшін де бұл алаң өте ыңғайлы. Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру керек. Елімізде құрылысшылар, басқа да қызмет көрсету саласының мамандары тапшы.
Жарысты әр сала бойынша 500-ден астам сарапшы қадағалайды. Оның үштен бірі – жұмыс беруші кәсіпорындардың өкілі. Олар қатысушылардың еңбегін халықаралық стандарттарға сай бағалап, ең үздіктерін анықтауы тиіс.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы