Басты Жаңалықтар «Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті

«Алтайым - алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы өтті

«Алтайым - алтын бесігім». Осыдай атаумен Өскеменде республиклық ақындар айтысы өтті. Командалық сөз сайысында шығыс пен арқаның ақындары өзара мықтыны анықтады.  Ал жыр кешін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясы және «айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының» қолдауымен өтті.

Төр - Алтайды жырға бөлген қос өңірдің ақындары бұл жолы айтыстың бес түрін көрсетті. Сүре мен түре қайым  және қыз бен жігіт. Ақындар сөз барымталаса, жыршы-термешілер текті сөзді төкпеледі. Ал күйшілер өзара  күйден тартыс өткізді.

Серік Құсанбаев, Шығыс Қазақстан облысы командасының капитаны:

Бұл қазақтың кең сахарасында бір облыстан бір облысқа ақырын жылжып бара жатқан ұлы өнердің керуенін елестетеді көз алдыңызға. Олай дейтін себебіміз - бұрын біздегі айтыстар жиналып, 7-8 ақынды шақырып алып, қоя беретін. Бұл жолғы айтыстың жөні бөлек.

2024 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жобаға 20 команда қатысады. Әр өңірдің өнерпаздары өзара кездесіп отырады. Ал Алтайда өткен өнерпаздарды аймақ әкімі Нұрымбет Сақтағанов арнайы алқалады.

Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

Былтыр ашылған Ақтан Нұрбаев атындағы облыстық ақындар мектебі бүгінде өнерге ынтасы бар талай жастардың қанатын қатайтып, талабын шыңдап, топқа қосып келеді. Өр Алтайдың төсіне де айтысты алып шықтық.

Жыр мен күй жәрмеңкесінің қорытындысында шығыстың командасы арқадан артық түсіп, келесі кезеңге өтті. Алайда барлық ақын, жыршы-термеші мен күйшіге облыс әкімі халық атынан алғыс білдіріп қаржылай байғазы байлады. 

Бөлісу