Digital Qazaqstan – стартаперлерге серпіліс алаңы
Биыл алғаш рет ұлттық форматта өтіп жатқан Digital Qazaqstan форумы аясында жас стартаперлер өз жобаларын ұсынып, инвесторлармен байланыс орнатуға мүмкіндік алып жатыр. Шарада ұсынылған жобалар нақты секторды цифрландыру мен жасанды интеллектіні өндіріс пен қызмет көрсету саласына енгізудің тиімді жолдарын көрсетіп отыр.
Толғанай Мырзакелді, стартапер, «Ertedamu» жобасының негізін қалаушы:
«Digital Qazaqstan» форумы бұл жас стартаперлер үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл жерде біз өзіміздің жобамызға инвесторлар табуға, кері байланысқа нетворкинг үшін өте тиімді. Менің жобам балалардың даму кешеуілдері өте жиі кездеседі, сол туралы. Осы мәселені шешу үшін біз арнайы жоба дайындадық. Ол жобада әрбір ата-ана өзінің баласының дамуын тест сұрақтары арқылы скрининг жасап отырады. Арнайы мамандардан жасалған жаттығулар тренингтерге мүмкіндік бар. Ата-аналардың сұрағына 24/7 жауап беретін жасанды интеллект көмекшісі болады.
Дильшат Әбдірахманов, «Cybernet AІ» компаниясының
директоры:
Біздің компания дауыс агенттерін әзірлеумен айналысады. Бұл платформа банктерге, ірі компанияларға және шағын әрі орта бизнес өкілдеріне колл-орталық жұмысын тиімді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Яғни кіріс және шығыс қоңырауларды автоматтандыру арқылы компаниялардың жұмыс үдерісі оңтайландырылады. Аталған форумға біз түркі тілдеріне негізделген ISR моделімізді таныстыру үшін келдік. Біз қазақ, өзбек, қырғыз тілдерін қамтитын ауқымды деректер жиынтығын пайдалана отырып, нарықтағы озық модельдердің бірін әзірледік.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07