Қазақстандық спортшылар Грекияда 17 медаль жеңіп алды
Грекия астанасы Афинада өткен көркем гимнастикадан 11-халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар жүлделі орынды иемденді. «Афродита кубогына» әлемнің 38 елінен 300-ге жуық гимнаст қатысты. Дүбірлі додада жерлестеріміз доп, шеңбер айналдыру, қысқа шоқпар таяқпен өнер көрсетуде бәсекелестерінен озық түсіп, 9 алтын, бес күміс, үш қола медальды қанжығаларына байлады. Қазақстандық спортшыларға еліміздің Грекиядағы елшілігінің ұжымы мен диаспора өкілдері қолдау көрсетті. Еліміздің осы мемлекеттегі елшісі Тимур Султанғожин де турнирге қатысып, қазақстандық спортшыларға төсбелгілерді табыстады.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30