Оралда «Табиғатты аяла» облыстық форумы өтті
Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жас зерттеушілердің «Табиғатты аяла» облыстық форумы өтті.
Экологиялық іс-шара «Жасыл идея» зерттеу жобалары, «Экоблогер», «EcoCraft – экологиялық қолөнер» аталымдарын қамтыды. Оқушылар зерттеу жұмыстарын, экологиялық жобаларын, бейнематериалдары мен қолөнер бұйымдарын ұсынды. Форум экологиялық мәдениетті қалыптастыру, туған өлкенің табиғатына жауапкершілікпен қарауды үндеуге бағытталған. Дәстүрлі шара өңірде 20 жылдан астам уақыт бойы ұйымдастырылып келеді.
Әзиза Тілеген, оқушы:
«Экоблогер» номинациясы бойынша қатысып жатырмын. Экология тақырыбында влогтар жүргіземін. Бүгін мен киімге байланысты жобамды алып келдім. Қазір адамдар қажеттілігіне қарамай, түрлі киім алады. Бірақ оның сапасы жайлы ойланбайды. Және қалдық киімді бірден қоқысқа тастамай, одан жаңа нәрсе жасап шығаруға болады. Мен, мысалы, экошопер жасап, осы жұмысымды алып келдім.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында «Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі» тақырыбында жастармен кездесу өтті. Мазмұнды жиында эко акцияның мән-маңызы айтылып, алдағы жоспар-міндеттер талқыланды.
Бүгінде қармақшылық белсенді жастар Президент бастамасын қолдап, туған жердің табиғатын аялауға, қоршаған ортаны таза ұстауға атсалысып келеді. Апта сайын сенбілік өткізіп,тазалық мәдениетін қалыптастырды. Жастар бұл бағытта әлі де жұмысты ширатып, экоакция жыл бойы жалғаспақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы