Басты Жаңалықтар Бүгін – Дүниежүзілік театр күні

Бүгін – Дүниежүзілік театр күні

Бүгін – Халықаралық театр күні. Сахна саңлақтарын Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева құттықтады. Оның сөзінше, ел ішінде театр өнеріне қызығушылық артып келеді. Халық сұранысы да барған сайын мазмұнды әрі талапшыл сипат алып келеді. Әсіресе танымдық ордаға аяқ басатын жастар көбейген. Қазір елімізде 70-тен астам театр жұмыс істейді, олардың 57-сі мемлекеттік. Тек былтырдың өзінде мемлекеттік театрларда 410 премьера сахналанып, 539 гастрольдік сапар ұйымдастырылған. Ал көрермен саны 2,8 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш театрдың елімізде сұраныс артқан өміршең әрі халыққа жақын өнер екенінің айқын дәлелі. Осы ретте мәдениет пен тарих мәселелерінің елдің Ата Заңында берік құндылық ретінде бекітілуі де ерекше маңызға ие. Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетті қолдау және тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеттері айқын көрініс тапқанына да тоқталған.


Бөлісу