Ақтөбеде ₸672 миллион жымқырмақ болғандар сотталды
Ақтөбе облысында сыбайластарымен бірге 672 миллион теңге жымқырмақ болған әкімдік қызметкеріне сот үкімі шықты. Мұғалжар аудандық құрылыс бөлімінің басшысы мен аудандық мәслихаттың екі депутатына әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға баспана алуға бөлінген ақшаны қалталарына басты деген айып тағылған еді.
Белгілісі, 670 миллион теңгеден астам қаржы 70 пәтерлі жатақхананы сатып алуға бөлінген. Айыпталушылар сапасыз, ескі әрі құжаттары талапқа сай емес жатақхананы жетім балалар мен көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй ретінде өткізуге әрекет жасаған. Ал мердігер ретінде олардың бірінің әйелі тіркелгені анықталды. Құрылыс бөлімінің басшысы Әнес Сейілхан тексеру жүргізбестен қабылдау актісіне қол қойып жіберген. Ол сот үкімімен 5 жыл арқалады.
Сандуғаш Ізбағамбетова, қалалық №2 соттың төрағасы:
Сот үкімімен Жәлімбетов алты жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын орташа қауіпсіздіктегі мекемеде өтесін. Қадыралин 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылсын. Мемлекеттік, сот, қаржы саласындағы қызметтерде жұмыс істеуге тыйым салынып, мүлкі тәркіленсін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы