Зияткерлік меншік объектілерін тіркеу 25%-ға артқан
Биыл зияткерлік меншік
объектілерін тіркеу 25%-ға артқан. Заңнаманы жетілдіру және тіркеу рәсімдерін
жеңілдету нәтижесінде көпшілік авторлық құқыққа аса сақтықпен қарай бастапты.
Бұл туралы бүгін Адам құқықтары
жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Салада ауқымды цифрлық трансформация
жүзеге асырылған. Арнайы іске қосылған бірыңғай
платформа келісімшарттарды онлайн жасауға, жұмысты автоматтандыруға
мүмкіндік береді. Бұл туралы жаңа Конституцияда да анық жазылған. Яғни,
азаматтардың шығармашылық еңбегін, инновациясын және кәсіпкерлік бастамаларын
қорғау адам құқықтарын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі ретінде қарастырылып
отыр. Сондай-ақ кәсіпкерлер енді өз брендтерін небәрі 3 ай ішінде жедел тіркей
алады.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі
комиссия төрағасының орынбасары:
Қазір, өздеріңіз білесіздер, көптеген фирма, адамдар болсын басқа үлкен фрималардың брендтерін алып, өздерінің өнімдерін іліп қойып, соның өнімі деп шығарып жатыр. Соған тосқауыл қою керек. Бұл өте маңызды. Себебі біреудің меншік құқығына қол сұғып, оны өзіңнің атыңнан шығару ол адам құқықтарын бұзудың ең өрескел түрлерінің қатарына жатады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09