ЕАЭО: Цифрлық әріптестік дамиды
Әлемдегі күрделі геосаяси ахуалға қарамастан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттері арасында тұрақты экономикалық өсім байқалады. Сонымен қатар осы елдердің экономикасына технологиялық серпін беру, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту дұрыс жолға қойылған. Бұл туралы бүгін Шымкентте өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңесте айтылды. Жиында Одақ аумағындағы жүк тасымалын үйлестіру үшін жасанды интеллект көмегіне жүгінудің маңыздылығына мән берілді. Кедендік реттеу мен экономикалық тұрақтылық, цифрлық трансформация, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және басқа да мәселелер кең ауқымда қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов интеграцияланған платформа құруды ұсынды. Әрі Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерін цифрлық реттеу және экономиканы трансформациялауда тәжірибе алмасуға шақырды.
Бүгін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында интеграциялық күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, өнеркәсіптік кооперациялық жобаларды қолдау мен еуразиялық технологиялық платформалардың жұмысын жетілдіру пысықталды. Сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауданы дамыту, кедендік ынтымақтастық пен макроэкономикалық болжау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы